Жаңалықтар

Халықты жұмыспен қамту айрықша назарда болады

Халықты жұмыспен қамту айрықша назарда болады

Халықты жұмыспен қамту айрықша назарда болады. Бұл туралы Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков хабарлады. Айтуынша, қазіргі кезде тұрғындарды жұмыспен қамту, көпбалалы және аз қамтылған отбасылар мен жастарға мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктерді дер кезінде беру, бұл бағыттағы жұмыстарды тиісті деңгейде жүргізу үшін халықты ақпараттандыру үлкен маңызға ие болып отыр. Сондықтан аудан әкімі жоғарыда аталған жұмыстарды үйлестіруге жауапты Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Халықты жұмыспен қамту орталығының басшыларын қабылдап, түрлі түйткілдерді талқылады. Нақтырақ айтқанда, қала мен ауыл-аймақтағы қоғамдық жұмысшылардың мәселесі жан-жақты қаралды. Мемлекеттік грант берудегі олқылықтардың алдын алу үшін комиссия құрамын өзгертіп, жұмысты оңтайландыру да қабылдау барысында жан-жақты қаралды.