- Advertisement -

Ізгілік ілтипаты

33

- Advertisement -

Биылғы қыс өткен жылдардан суығымен ерекше. Ал ауа райына қарамастан қаланың көркін келтіріп, тазалық жұмыстарын жүргізіп жүрген «Жасыл Ел-Тараз» қызметкерлеріне қала тұрғындарының разылығы шексіз.

Тараз қаласы мешіттері арқыраған аязда, суық ызғарда еңбек етіп жүрген осы 50 адамға ыстық шай мен ыстық бутерброд таратты. Имамдар суығы сүйектен өтетін далада адал еңбектерін атқарып жүрген қызметкерлерге шексіз алғысын білдіріп, құрметтерін жеткізді. Мұндай жүрек жылытар қамқорлыққа «Жасыл Ел-Тараз» қызметкерлері де алғыстарын айтты. Боранды күнде қарапайым еңбек адамдарына ілтипат көрсеткен мешіт қызметкерлері имандылықтың нағыз үлгісін танытты.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support