- Advertisement -

20 отбасыға тегін азық-түлік таратты

34

- Advertisement -

«Қайыр қылсаң, бүтін қыл» деген қазақ атамыз. Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кеңпейілділік. Жомарт болу – өзіңде барды мұқтаж адаммен шын жүректен бөлісу. Жомарттық – адамзат бойындағы ерекше бір қасиет. Мұндай іс әр адамның қолынан келе бермейді.

Осындай игілікті іс Шу ауданындағы «Төле би» мешітінде ұйымдастырылды. Қайырымдылық науқаны аясында 20 отбасыға көмек көрсетілді. Мешіт жанындағы қайырымдылық қорының атсалысуымен осынша шаңыраққа азық-түлік табысталды.

Аталған мешіт имамы Талғат Кәрібайұлы жиналғандарға сабырлық пен қайырымдылық туралы насихат айтты. Көмек ауылдағы ең тұрмысы төмен отбасыларға берілді. Көпшілік бұл істі ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

 

Дайындаған Есет ДОСАЛЫ

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support