Денсаулық

Тұрақтандыру қорлары сауда орындарына пияз сатуды бастады

Тұрақтандыру қорлары сауда орындарына пияз сатуды бастады

Қазақстанның өңірлерінде тұрақтандыру қорларынан сауда нысандарына пияз сатыла бастады. 2023 жылғы 10 ақпанда ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының м.а. Айдар Әбілдабеков Жамбыл облысы әкімдігінің өкілдерімен бірге Жамбыл облысының шаруа қожалықтарының қоймаларында сақталған пияздың бар-жоғын және жай-күйін тексеру үшін болды. Облыс қоймаларында қазір 38 мың тоннаға жуық пияз бар, деп хабарлайды Aq jol ақпарттық агенттігінің тілшісі ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, облыста күзде пияз сатып алынған болса, бүгінде бұл көкөніс 40-қа жуық сауда орындарына 115 теңге/кг, ал дүкендер өз кезегінде пиязды 128 теңге/кг бағамен сатылған. Сондай-ақ, Аспандияр Сейсебаев бүгінде Жамбыл облысындағы сауда нысандарын ғана емес, басқа өңірлерге де жеткізуге қажетті өнім қоры жеткілікті екенін атап өтті.

Қалыптасқан резервтерден көкөністерді босату бағаны тұрақтандыру бойынша қолданыстағы шараларды қолдану шеңберінде жүргізіледі, оның ішінде елдің барлық өңірлерінде тұрақтандыру қорларынан сауда объектілеріне көкөністерді төмендетілген бағамен сату бойынша тауарлық интервенциялар басталды.