- Advertisement -

Жас қари Ұмраға жолдама алды

61

- Advertisement -

Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінен ашылған Құран қарилары курсы тағы бір түлекті қари етіп шығарды. Айтулы шараға орай Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының облысымыздағы өкілі Бейбіт Мырзагелдиев жамағатқа қарилықта оқып жатқан шәкірттерді таныстырып, зейіндеріне ерекше тоқталды.

Сонымен қатар бүгінде қари атанған Ермек Мыңболовтың жомарт жандардың демеушілігімен Ұмра қажылығына баратынын айтып, жолдама-сертификатты табыс етті. Ермек Мыңболов қасиетті Құран Кәрімді түгелдей бір жылда жаттап шықты. 1999 жылғы азамат әрі «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің түлегі. Бұл ретте ұстазы Бірлік Амангелдінің де еңбегін айта кеткен жөн. Жалпы Құран қарилар курсында қазіргі уақытта 23 шәкірт білім алуда.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support