Жаңалықтар

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЛАМА

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЛАМА

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 104-бабы, 6-1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес №15 округтік сайлау комиссиясы бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына төмендегідей кандидаттардың тіркелгені туралы хабарлайды: №15 сайлау округі бойынша:

  1. Искандиров Мукаш Зулкарнаевич, 1960 жылы туған, жеке кәсіпкер, Тараз қаласының тұрғыны, қазақ, «AМАNАТ» партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған.
  2. Қазақбай Жанат Түйтенұлы, 1958 жылы туған, зейнеткер, қазақ, Алматы қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  3. Абдраимов Дуйсенбек Исахметович, 1960 жылы туған, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің директоры, Тараз қаласының тұрғыны, қазақ, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  4. Нуралиев Айбек Хайратович, 1990 жылы туған, KIMEP University, Астана қаласының тұрғыны, қазақ, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

***

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 89-бабы, 4-3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес №16 округтік сайлау комиссиясы бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына өзін-өзі ұсыну тәртібімен төмендегідей кандидаттардың тіркелгені туралы хабарлайды: №16 сайлау округі бойынша:

  1. Бекешев Алмаз Аскарович, 1986 жылы туған, Жамбыл облыстық қорғаушылар алқасының мүшесі, қорғаушы (адвокат). Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  2. Султан Сабит, 1951 жылы туған, «SSS» жеке кәсіпкерлігінің басшысы. Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы