Жаһан

Түркияда қаза тапқан қазақстандықтардың мәйіті Алматыға жеткізілді

Түркияда қаза тапқан қазақстандықтардың мәйіті Алматыға жеткізілді

Түркиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековтің мәйіті Алматыға жеткізілді,- деп хабарлайды Aq jol газетінің тілшісі Zakon.kz. ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Ал Мирболат Құрмашевтің ағасы Алмат Құрмашев марқұмның жаназаcы Алматыда жексенбі, 12 ақпанда шығарылатынын хабарлады. Еске салайық, Түркияда жойқын жер сілкінісінен кейін жоғалып кеткен қазақстандық Әділ Қадырбековтің денесі 9 ақпанда, ал Мирболат Құрмашевтің денесі 10 ақпанда үйінді астынан табылды.  8 ақпанда үйінді астынан Сәбина Мамадиярова аман-есен табылған еді. Оның қолы сынған, 10 ақпанда Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтың қолына ота жасалғанын хабарлады.