- Advertisement -

Грузияда жер сілкінді

109

- Advertisement -

Грузияда 14 минутта екі жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Aq jol  газетінің тілшісі Zakon.kz. ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Илья университеті жанындағы сейсмикалық мониторинг орталығының сайтындағы мәліметтерге сәйкес, алғашқы жер асты дүмпулері, Астана уақыты бойынша сағат 14:07-де білініп, магнитудасы 4,6-ны құрады. Жер сілкінісінің ошағы Озургети қаласының оңтүстік-шығысындағы Гоми ауылында орналасқан.

3,6 балдық жер сілкінісі қайтадан сағат 14:21-де тіркелді. Оның ошағы да тағы Гоми ауылы маңынан анықталды. Жер сілкінісі Батуми мен Кобулетиде де сезілді.

Қирандылар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support