Жаһан

Грузияда жер сілкінді

The final spritzer

Грузияда жер сілкінді

Грузияда 14 минутта екі жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Aq jol  газетінің тілшісі Zakon.kz. ақпараттық порталына сілтеме жасап. Илья университеті жанындағы сейсмикалық мониторинг орталығының сайтындағы мәліметтерге сәйкес, алғашқы жер асты дүмпулері, Астана уақыты бойынша сағат 14:07-де білініп, магнитудасы 4,6-ны құрады. Жер сілкінісінің ошағы Озургети қаласының оңтүстік-шығысындағы Гоми ауылында орналасқан. 3,6 балдық жер сілкінісі қайтадан сағат 14:21-де тіркелді. Оның ошағы да тағы Гоми ауылы маңынан анықталды. Жер сілкінісі Батуми мен Кобулетиде де сезілді. Қирандылар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.