Облыстың республикалық және облыстық маңызы бар әртүрлі бағыттардағы автожолдар қозғалысы жабылды

38

2023 жылғы 10-11 ақпанда ауа-райының нашарлауына байланысты (қатты боран, көрінудің шектелуі) облыстың республикалық және облыстық маңызы бар әртүрлі бағыттардағы автожолдар учаскелерінде қозғалыс жабылды.

Бұған дейін халыққа СМС ескертулер мен әлеуметтік желілер арқылы ауа райының нашарлауы туралы дауылды ескерту жеткізілген болатын. Алайда, жол қызметкерлері мен құтқарушылардың ескертуіне қарамастан, адамдар әлі де алыс жолға шығып, өздеріне және басқа адамдардың өміріне қауіп төндірді .

Құрметті азаматтар! Естеріңізге сала кетейік, қолайсыз ауа-райында елді мекендерден тыс жерлерге шығу қиындықтарға әкелуі мүмкін. Алыс жолға сапарыңызды кейінге қалдырыңыз. Қажет болса, болған жағдай туралы «101» және «112» нөмірлеріне дереу хабарлаңыз. Қауіпсіздік ережелері туралы мәліметтерді «DARMEN» тегін қосымшасынан біліңіз.

 

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі

Comments are closed.