- Advertisement -

Қазақстан халқының саны 269 мың адамға артты

64

- Advertisement -

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстандағы халық саны 19 765 004 адамды құрайды, оның ішінде қала тұрғындары – 12 208 259, ауыл тұрғындары – 7 556 745 адам, деп хабарлайды Aq jol газетінің тілшісі Zakon.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

12 ай ішінде Қазақстанда 403,5 мың адам (2021 жылы 450,7 мың адам) дүниеге келді , оның 208 мыңы – ұл балалар, 195,5 мыңы – қыз балалар.

Туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 20,28 құрады.

134,7 мың адам — қайтыс болған, бұл ретте 1000 адамға шаққанда өлім-жітім коэффициенті 6,77 құрайды.

Жалпы, бір жыл ішінде халықтың табиғи өсімі 268,8 мың адамды құрады (263 мың – 2020 ж., 267 мың – 2021 ж.).

Ең жоғары туу көрсеткіші Маңғыстау (1000 тұрғынға 27,75 адам), Түркістан (27,23) облыстарында және Шымкент қаласында (26,34) байқалады.

Ең жоғары өлім-жітім көрсеткіші Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға шаққанда 11,84), Шығыс Қазақстан (11,71) және Қостанай облыстарында (10,82) байқалады, бұл осы облыс халқының жас құрылымымен байланысты.

12 айда 1 жасқа дейінгі 3 215 нәресте қайтыс болды.

2022 жылы 128,5 мың неке тіркеліп, 2021 жылғы 12 аймен салыстырғанда неке саны 8,4%-ға төмендеді.

Неке коэффициенті 1000 адамға шаққанда 6,46 құрайды.

Сонымен қатар, 17,7 мың ажырасу фактісі тіркелді, бұл 2021 жылғы деңгейден 8,1%-ға аз. Ажырасу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 0,89 құрады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support