Қазақстан халқының саны 269 мың адамға артты
Қазақстан халқының саны 269 мың адамға артты
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстандағы халық саны 19 765 004 адамды құрайды, оның ішінде қала тұрғындары – 12 208 259, ауыл тұрғындары – 7 556 745 адам, деп хабарлайды Aq jol газетінің тілшісі Zakon.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап. 12 ай ішінде Қазақстанда 403,5 мың адам (2021 жылы 450,7 мың адам) дүниеге келді , оның 208 мыңы – ұл балалар, 195,5 мыңы – қыз балалар. Туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 20,28 құрады. 134,7 мың адам - қайтыс болған, бұл ретте 1000 адамға шаққанда өлім-жітім коэффициенті 6,77 құрайды. Жалпы, бір жыл ішінде халықтың табиғи өсімі 268,8 мың адамды құрады (263 мың – 2020 ж., 267 мың – 2021 ж.).