- Advertisement -

7 мыңнан астам мектептер мен колледждер буллингтің алдын алу ережелерін оқып жатыр

94

- Advertisement -

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті хабарлағандай, еліміздің бірнеше өңірінде балаларды жәбірлеудің (буллинг) алдын алу және білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтердің жұмыс принциптері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басталды.

«Жыл басынан бері буллингтің алдын алу бойынша жаңа ережелермен жұмыс істеу және оны тәжірибеге енгізу жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмысы басталды. Қазір Астана қаласының, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының психологтарымен, әдіскерлерімен, әлеуметтік педагогтерімен, директорларымен, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен және ата-аналар қоғамымен онлайн кездесулер өтіп жатыр», — деп бөлісті Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Балаларға құқықтық және психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету басқармасының бас сарапшысы Жібек Нұржан.

Өткен жылдың соңында балаларды жәбірлеудің (буллинг) алдын алу ережелері қабылданды. Онда білім алушылардың психологиялық жағдайын нығайту үшін мамандардың балалармен, ата-ана және мұғалімдермен жұмыс істеу алгоритмдері көрсетілген.

Бүгінгі таңда екі мыңнан астам вебинарға қатысушыға ережелерді пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.  Жоспар бойынша түсіндіру жұмысы жеті мыңнан астам мектеп пен колледж, оның ішінде ауылдық мектептерге жүргізіледі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support