- Advertisement -

Бір көзден мемлекеттік сатып алу қысқартылды

70

- Advertisement -

2022 жылы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнан бір көзден сатып алудың 7 негіздемесі алынып тасталды және 8 негіздемесі қайта қаралды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл мәлімдеді.

«Заңды бәсекелес тәсілмен жүзеге асыру туралы талап енгізілді. Сондай-ақ тапсырыс берушінің бірінші басшысының бір көзден сатып алуды негізсіз қолданғаны үшін дербес жауапкершілігі көзделді. Осылайша, 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы бір көзден сатып алудың көлемі 38%-дан 25%-ға дейін қысқарды. Бұл ретте тапсырыс берушінің мұқтаждығын жедел өтеуге мүмкіндік беретін тек аса маңызды негіздер сақталған. Мысалы, табиғи монополия қызметтері, ТЖ кезіндегі сатып алулар, ведомстволық бағынысты ұйымдардан сатып алу сияқты негіздемелер қалдырылды», — деді спикер.

Бұдан басқа бәсекелестік тәсілдермен өткізілген сатып алулар саны 877 мыңнан 1,6 млн дейін өсті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support