Микрокредит алу үшін құжаттар тізбесі

32

1) Микрокредит беру ұйымының/МҚҰ/КС/сенім білдірілген өкілдің (агенттің) ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес микрокредит алуға сауалнама – өтініш;

2) Жеке басты куәландыратын құжат;

3) Кредиттік тарих субъектісінің ол туралы ақпаратты кредиттік бюроға беруге, сондай- ақ кредиттік есепті алушыға кредиттік есепті беруге келісімі;

4) Субъектінің мемлекеттік (оның ішінде құқық қорғау)/мемлекеттік емес органдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына берілген микрокредит туралы ақпаратты, мәліметтерді және кредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы /орындалмауы туралы барлық мәліметтерді беруге және алуға келісімі;

5) Бизнес-жоспар;

6) Қарыз алушының уәкілетті органының микрокредит алу, мүлікті кепілге беру жөніндегі мәмілені мақұлдау туралы шешімі;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына және микрокредит беру ұйымының/МҚҰ/КС/сенім білдірілген өкілдің (агенттің)ішкі құжаттарына сәйкес ресімделген мүлікті кепілге беру жөніндегі кепіл берушілердің келісімі;

8) Қызмет көрсететін банктен шоттың бар екендігі туралы анықтама;

9) Несиелік берешектің, оның ішінде қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтама (кредиттер болған кезде);

10) Қарыз алушының жалақысын және/ немесе өзге де кірістерін растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорының үзінді көшірмесі);

11) Бағалау туралы есеп;

12) Кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар.

Comments are closed.