Әдебиет

Сен ғана ап қалардай

Сен ғана ап қалардай

Бақыттың құсы бұлбұл, Бағыма қойды қонбай. Жүрегім түсініп жүр, Амал бар енді қандай?

Өзіңді көрмеген көп, Жүректе шуақ бар ма? Жырымды өрген ем тек, Берген соң қуатты Алла.

Көңілдің ғазалынан, Басыма бақ қонардай. Сағыныш азабынан, Сен ғана ап қалардай.

Күтемін күнде сені, Көрінбей кеттің неге? Ұмытып мүлде мені, Бақытқа жеттім деме!?.

Алима Жұмабаева.

Талас ауданы.