Еріктілер Түркияда зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинай бастады
Еріктілер Түркияда зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинай бастады
Сондай-ақ гуманитарлық көмек республикалық маңызы бар барлық қалалар мен облыс орталықтарындағы «Birgemiz» өңірлік волонтерлар фронт-офистерінің кеңселерінде ұйымдастырылып, Ұлттық волонтерлық желісі арқылы Қазақстан Республикасындағы Түркия елшілігіне тапсырылады. ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР: • Көрпелер, ұйықтауға арналған қаптар. • Термос, қол шамы, пауэрбанк. • Балаларға арналған жөргектер, жеке гигиена құралдары (гигиеналық төсемдер). • Қысқы киім (ересектер мен балаларға, заттар жаңа болуы керек), пальто-курткалар, жаңбырға арналған жамылғы, етік, жемпір, шалбар, қолғап, шарф, қалпақ, шұлық, іш киім және басқа киімдер. Қаржылай көмек келесі реквизиттер арқылы қабылданады: Заңды тұлғалар үшін: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ БСН 120940015916 БИК: HSBKKZKX Р/С: KZ23601A871001005521 Жеке тұлғалар үшін: Kaspi.kz қосымшасында – Төлемдер – Қайырымдылық бөлімінде: «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек. Барлық сұрақтар бойынша «Birgemiz» республикалық волонтерлар фронт-офисінің ақпараттық орталығына хабарласуға болады: +7 708 706 4242, Қабанбай батыр көшесі, 11/5, 505-кеңсе. Жамбыл облысы бойынша: Тараз қаласы, Төле би көшесі, No190, байланыс телефондары +7-702-252-7021, қабылдау уақыты: 09:00-ден 18:00-ге дейін.