Еріктілер Түркияда зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинай бастады

83

Ұлттық волонтерлар желісі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің үйлестіруімен Түркия Республикасында жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау іс-шарасын бастады.

Сондай-ақ гуманитарлық көмек республикалық маңызы бар барлық қалалар мен облыс орталықтарындағы «Birgemiz» өңірлік волонтерлар фронт-офистерінің кеңселерінде ұйымдастырылып, Ұлттық волонтерлық желісі арқылы Қазақстан Республикасындағы Түркия елшілігіне тапсырылады.

ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР:

• Көрпелер, ұйықтауға арналған қаптар.
• Термос, қол шамы, пауэрбанк.
• Балаларға арналған жөргектер, жеке гигиена
құралдары (гигиеналық төсемдер).
• Қысқы киім (ересектер мен балаларға, заттар жаңа болуы керек), пальто-курткалар, жаңбырға арналған жамылғы, етік, жемпір, шалбар, қолғап, шарф, қалпақ, шұлық, іш киім және басқа киімдер.
Қаржылай көмек келесі реквизиттер арқылы қабылданады:

Заңды тұлғалар үшін:

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
«Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ
БСН 120940015916
БИК: HSBKKZKX
Р/С: KZ23601A871001005521

Жеке тұлғалар үшін:

Kaspi.kz қосымшасында – Төлемдер –
Қайырымдылық бөлімінде: «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек.

Барлық сұрақтар бойынша «Birgemiz» республикалық волонтерлар фронт-офисінің ақпараттық орталығына хабарласуға болады: +7 708 706 4242, Қабанбай батыр көшесі, 11/5, 505-кеңсе.

Жамбыл облысы бойынша: Тараз қаласы, Төле би көшесі, No190, байланыс телефондары +7-702-252-7021, қабылдау уақыты: 09:00-ден 18:00-ге дейін.

Comments are closed.