Жаңалықтар

«Жер сілкінісі 3 сағатқа созылған»

«Жер сілкінісі 3 сағатқа созылған»

Түркияда 7,4 балдық жер сілкінісі болып, дүйсенбі күні елдің әр аймағында дүмпулер сезілді. Қираған үйлер, зардап шеккендер көп. Соның ішінде қаза болғандар саны 200 адамнан асып кетті. Бұл туралы Turkystan.kz ақпараттық порталы хабарлады. 

Turkystan.kz тілшісі Түркияда білім алып жатқан студент Әлия Бостанмен хабарласып, қазіргі жағдай туралы пікірін білді. Студенттің айтуынша, жер сілкінісінің ұзақтығы 3 сағатқа дейін созылған және үрейленген халық даланың суығына қарамастан сыртта тұрып, күтулеріне тура келген.