- Advertisement -

Тараздық белсенді көрінеу жалған жала жабу күдігімен ұсталды

172

- Advertisement -

2022 жылғы 25 қазанда полицияға азамат Қанатов Н. белгісіз адамның үйінің жанында тұрған автокөлігін өртемек болғаны туралы хабарлаған. Өртеу фактісі расталды. Автокөліктің сыртқы бөлігі жартылай зақымданған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 202-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе өрт қою арқылы бүлдiру).

Қанатов өз жауаптарында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде оның автокөлігін өртеуді мемлекеттік қызметші-лауазымды адам ұйымдастырды деп күдіктеніп, болған оқиғаны өзінің қоғамдық қызметімен байланыстырған.

Бұдан бөлек, өртеу дерегі жасалғанға дейін Н. Қанатов әлеуметтік желілерде оған қатысты лауазымды адамдар тарапынан «қастандықтар» жоспарланып отырғаны туралы хабарламалар жариялаған болатын.

 

ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support