- Advertisement -

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

46

- Advertisement -

Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы

 Санаты Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы
теңгеден теңгеге дейін  
D-R-4 226 837 260 564

 

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080012, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 35 үй №406 бөлме, анықтама үшін телефондар: 8(7262) 438881 e-mail: bilimgosusluga@yandex.kz (Электрондық поштаның рұқсат етілген файлдар өлшемі: бекітілген файлдардың көлемі 20 мегабайттан аспауы керек (20 мегабайттан асқан жағдайда, бірнеше хабарлама арқылы жолдау ұсынылады). Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және т.б. осындай сияқты) қабылданбайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысының 128-тармағына сәйкес).

Бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің бас маманы, санаты D-R-4, (№03-4), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: А Блок. Балалардың құқықтары туралы Конвенция және баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты өсіп жетілуіне жағдай жасалуына басшылық жасайды.

Жетім қалған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбастарына орналастыру жөнінде тоқсан сайынғы мәліметтер дайындайды.

Асырап алынған балалар туралы У-1 есебін жүргізеді және тапсырылуын қамтамасыз етеді.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі мен жұмысқа орналастыру жөнінде жергілікті атқарушы органдармен өзара іс қимыл жүргізеді.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрмыс жағдайы, оқуы, тәрбиеленуі мен денсаулығын бақылауды жетілдіру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Қиын жағдайға тап болған, әлеуметтік жетімдік көріп жүрген балалардың мәселелерін шешуге бағытталған жұмыстарды ұйымдастырады.

Білім бөлімінің құзыретіне кіретін жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет бөлігінде, мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлейді.

Білім бөлімінің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету бойынша ұсыныстар әзірлейді.

Білім бөлімінің құзырына кіретін мемлекеттік қызмет сапасына зерделеу жүргізеді.

Білім бөлімінің құзырына кіретін мемлекеттік қызмет сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу және осы шараға үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.

Білім бөлімі тарапынан көрсетілген қызметтердің нәтижелері бойынша талдаулар жасау, ақпараттар дайындайды.

Білім бөлімімен ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің стандарттары және тұтынушы нұсқаулықтарының мәтінін бөлімнің веб-сайтына орналастыру, өзгерістер мен толықтырулар болған жағдайда жаңартып отыруды қамтамасыз етеді.

Білім бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру жұмыстарын жүргізеді.

Бөлімге қарасты білім мекемелерінде мемлекеттік қызмет көрсету талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – білім саласында немесе құқық саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі.

Мамандығы: білім саласындағы (жалпы) немесе құқықтану.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңдарын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін және нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданының білім бөлімінің бас маманы, санаты D-R-4, (№10-3), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: А Блок. Білім мекемелерінде Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын сақталуын қадағалайды. Педагогикалық мамандардың біліктілігін анықтайтын аттестатциялық комиссияның құжаттарын дайындайды. Озат мұғалімдерді белгіленген тәртіп бойынша марапаттау материалдарын әзірлейді. Білім саласындағы кадр қозғалысының статисткалық есебін жұргізеді. Білім мекемелеріндегі кадрлардың біліктілігіне сәйкес орналастыру жұмыстарын үйлестіреді.Білім мекемелеріне қажетті мамандарға сұраныс дайындайды. Білім мекемелерінің басшыларының бос лауазымдық орынға жарияланған конкурстық құжаттарын қабылдап, конкурс комиссиясына ұсынады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – білім саласында немесе құқық саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі.

Мамандығы: білім саласындағы (жалпы) немесе құқықтану.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің бас маманы, санаты D-R-4 (№ 09-08), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: В Блок. Бюджеттің орындалуына сай қаржылық істерді және мемлекет бюджетіне қарайтын мемлекеттік мекемелерге есеп формасын (мезгілді және жылдық) жүргізеді;

Орталықтандырылған бухгалтерия жұмысы туралы мәліметтер, деректер, құжаттар дайындайды;

Білім бөлімінің штат кестесін дайындайды;

Білім бөліміне қарасты мемлекеттік мекемелермен кәсіпорындардың тарификациясын, анықтамалық материалдарды дайындауды үйлестіреді;

Мемлекеттік тапсырыс бойынша және білім бөлімінің ведомстволық мекемелерін қаржыландыру мен бюджеттік қаражатын игерілуіне талдау жасайды;

Бюджет түсімін қадағалау және бюджеттің шығыс бөлігін талдау оны орындау барысында бюджетке толықтырулар және өзгерістер енгізу қызметтерін жүргізеді;

Бөлімге қарасты білім мекемелерінің штат кестесінің, тарификацияның дұрыс құрылуын бақылайды;

Нысаналы трансфеттер бойынша ай сайын есеп береді, қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары.

Мамандығы: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы).

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын, қаржы, бухгалтерлік есеп, салық және мемлекеттік басқару саласындағы қатынасты ретке келтірудегі Қазақстан Республикасындағы нормативтік-құқықтық актілерін білу, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің бас маманы, санаты D-R-4, (№09-09), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: В Блок. Тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы келісімшарттың жобасын дайындау. Техникалық жағдайлар жайлы мәліметтердің, есептіліктердің дұрыс және уақтылы рәсімделуін, жобалық-сметалық құжаттардың толықтай сәйкес болуын, құрылыс алаңындағы мердігердің техникалық қауіпсіздікті сақтауын, еңбек және қоршаған ортаны сақтауын қамтамасыз ету. Техникалық жинақпен есептерді бекіту және дайындау. Білім мекемелеріндегі және білім бөліміндегі техникалық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету.

Мемлекеттік қабылдау комиссиясының пайдалануына берілген объектілердің құрылысы кезінде техникалық қадағалау жүргізу. Білім беру мекемелерін жаңа оқу жылына және қыстық мерзімдегі жағдайларға сәйкес дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары.

Мамандығы: құрылыс немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы).

«Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», Заңдарын, қаржы, бухгалтерлік есеп, салық және мемлекеттік басқару саласындағы қатынасты ретке келтірудегі Қазақстан Республикасындағы нормативтік-құқықтық актілерін білу, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық пошта мекенжайына тапсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық пошта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080012, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 35 үй №405, 403 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262) 438881, e-mail: bilimgosusluga@yandex.kz

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Тараз қаласы, Төле би көшесі, 35 мекенжайда орналасқан Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Жалпы конкурс қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидат (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мынадай құжаттарды тапсырады:

1) еңбек қызметін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі);

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама);

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама).

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының

2-қосымшасы

Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын трансляциялауға және орналастыруға келісім беремін _____________________________________________________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________

__________________________________________________________

__________________________________________________________

Мекенжайы: _______________________________________________

Байланыс телефоны: ________________________________________

e-maіl: ____________________________________________________

ЖСН: _____________________________________________________

_________ _________________________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«____»_______________ 20__ ж.

 «Б» корпусыныңмемлекеттік әкімшіліклауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ

ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

 тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /

фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО

(түрлітүсті/

цветное,

3х4)

________________________________________лауазымы/должность, санаты/категория

(болғанжағдайда/при наличии)

___________________________________

(жекесәйкестендіру нөмірі / индивидуальный

идентификационный номер)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР /

ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1. Туған күні және жері / Дата и место рождения
2. Ұлты (қалауы бойынша) /Национальность (по желанию)
3. Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы / Семейное положение, наличие детей
4. Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы / Год окончания и наименование учебного заведения
5. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
6. Шетел тілдерін білуі / Владение иностранными языками
7. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии)
8. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
9. Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізі (болғанжағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

10 Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) / Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

 ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

Күні /

Дата

қызметі, жұмыс орны,

мекеменің орналасқан жері /

должность,

место работы,

местонахождение организации

қабылданған /

приема

босатылған /

увольнения

_____________________Кандидаттыңқолы /

Подпись кандидата

_______________күні / дата

 

Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support