- Advertisement -

«Көксай» тау-шаңғы кешені ашылды

347

- Advertisement -

Жуалы ауданындағы «Көксай» этно-туристік кешенінде тау-шаңғы кешені ашылды. Осыған дейін жаз мезгілінде демалу үшін арнайы жатын бөлмелер, монша, киіз үй, асхана қызметтерін ұсынып келген кешен ендігі кезекте қысқы демалысты ұйымдастыруға да ден қойып отыр.

Енді облыс тұрғындары мен қонақтары
«Көксайға» барып шаңғы мен сноуборд теуіп, сырғанап, қыс қызығын тамашалай алады. Мұнда күніне 500 адамға дейін демалуына жағдай жасалған.

Ең қызығы, кешен толықтай күн батареялары арқылы электрмен қамтылған екен. Тау-шаңғы кешенінің ашылуына облыс әкімі Нұржан Нұржігітов те қатысып, аталған аумақтың ауа райы, табиғаты туризмді дамытуға қолайлы екенін атап өтті.

– Шаңғы кешенінің қысқы спорт түрлерімен және ашық ауада серуендеуді ұнататындар үшін таптырмас орын болатыны сөзсіз. Мұнда жамбылдықтар ғана емес, көршілес облыстардың тұрғындары демала алады. Келушілердің қысы-жазы демалуы үшін барлық жағдай жасалған.
Облыс аумағында туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Өткен жылы Тараз еліміздің қалалары арасында бірінші болып Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне ресми түрде енді. Өңірдің тарихи-мәдени әлеуетін ескере отырып, туристік инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізетін боламыз, – деді облыс әкімі салтанатты шарада.

Жуалы ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support