Басты жаңалық

2016 жылғы Олимпиада ойындарының тұмары таныстырылды

2016 жылғы Олимпиада ойындарының тұмары таныстырылды

2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарының тұмары таныстырылды. Тұмардың негізі жергілікті өсімдіктер және жануарлар әлемінің элементтерінен құралған.

Бразилия жануарлар әлемінің бейнесін мысыққа ұқсас сары жануар білдірсе, өсімдіктер әлемінен көк және жасыл түсті гүлдер мен ағаштың қосындысы алынған. Енді Бразилия тұрғындары 2016 жылғы Олимпиада ойындарының тұмарына дауыс беру арқылы ат таңдайды. Таңдауға 3 атау ұсынылған: Оба және Эба, Тиба-Туки мен Эскиндим, сондай-ақ Винисиус пен Том. Соңғы екі есім Бразилияның әйгілі музыканты мен сазгері Винисиус ди Морайс пен Том Жобимнің құрметіне қойылған. Рио-де-Жанейро 2009 жылы өткен дауыс беруде Мадрид, Токио және Чикаго қалаларын артқа тастап 2016 жылдың 5-21 тамызы аралығында Олимпиада ойындарын өткізу құқығына ие болды.