Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның оңтүстік-шығысында көптеген адам шығынына әкеп соқтырған жер сілкінісіне байланысты осы елдің Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды “Aq jol” газетінің тілшісі Akorda.kz сайтына сілтеме жасап.
Сонымен қатар Президент Қазақстанның Түркияға тиісті көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.