- Advertisement -

Мемлекет мүлкі бақылауда

85

- Advertisement -

Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті облыс аумағында өз құзыреті шегінде республикалық мүлікті басқару саласында басшылықты, республикалық мүлікке мемлекеттің құқықтарын іске асыруды, жекешелендіру мен экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда аймақта ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 257 республикалық мемлекеттік заңды тұлға жұмыс атқарып келеді. Оның 216-сы мемлекеттік мекемелер мен оның филиалдары болса, 41-ін мемлекеттік кәсіпорындар мен оның филиалдары және өкілдіктері құрайды.

Облыста республикалық мемлекеттік мүлікті иелену және жекешелендіру бойынша республикалық бюджетке өткен жылы 152 557,5 мың теңге түсіп, ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 214 пайызды құрады. Оның 67 928,6 мың теңгесі республикалық мемлекеттік меншікті жекешелендіруден, 38 161,2 мың теңгесі жекеленген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті сатудан түскен түсім, ал 46 467,7 мың теңгесі республикалық мемлекеттік меншікті жалға беруден түскен қаражат.

Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті бойынша сатылымға жататын 49 нысан қойылып, оның 44-і сатылған. Оның 36-сы автокөлік құралы, 8-і жылжымайтын мүлік, 35-і бағаны көтеру, 9-ы бағаны төмендету әдісі бойынша өткерілді. Сатылудың пайыздық көрсеткіші 89,8 пайызды құрады. Өткен жылы сатылған республикалық мемлекеттік меншік нысандарының сату сомасы 76 851,4 мың теңгені құрап отыр.

Республикалық меншіктегі нысандарды жалға беру бойынша өткен жылы 46 шарт қолданыста болды. Жыл ішінде 19 шарт жасалса, 11 шарт аяғына дейін жеткізілген, ал бұзылғаны – 28 шарт. Биыл 1 қаңтардағы мәлімет бойынша мүлікті жалға беру бойынша қолданыстағы шарттардың саны 26-ны құраған. Жалға берілген нысандардың жалпы ауданы 1528,2 шаршы метр.

Сенімгерлік басқаруға беру бойынша қолданыстағы шарттардың саны 26-ны құрады. Департаментпен сенімгерлік басқаруға берілген республикалық меншік объектілері қылмыстық атқару жүйесінің объектілері (24 нысан) және газ құбырлары (2 нысан) болғандықтан, олар кейіннен сатып алу құқығынсыз және тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға берілген. Сенімгерлік басқаруға берілген қылмыстық атқару жүйелері нысандардың жалпы ауданы 1751,8 шаршы метрді құрайды.

Қылмыстық атқару жүйесінің нысандарын жеке кәсіпкерлерге сенімгерлік басқаруға берудің негізгі мақсаты – қылмыстық атқару жүйесіндегі жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту. Осы сенімгерлік басқаруға берілген нысандарда 457 жазасын өтеп жатқан азамат жұмыспен қамтылып, оларға 31 840,8 мың теңге жалақы кәсіпкерлер тарапынан төленген. Бұл жалақы жазасын өтеп жатқан азаматтардың астау, бас табақ, әткеншек, сырғанақ, ас үй жиынтығы, нарды кеме, барбекю, ыстағыш, домбыра, шахмат үстелі, кәдесый, киім ілгіш, кесе, сағат, шампур бұйымдарын жасағаны үшін төленген.

Департаменттің жұмысындағы басым бағыттардың бірі «Бірыңғай теңгерім ұстаушы» жобасы. Жобаны іске асыру мақсатында департамент теңгеріміндегі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне бағыныстағы орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері алып отырған ғимараттардағы артық алаңдарды оңтайландыру жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Департаментпен өткен жылы 1724,3 шаршы метр артық алаңдарды оңтайландыру жоспарланған болатын. Оның ішінде өткен жылы 1564,2 шаршы метр артық алаңдарды оңтайландыру туралы шешімдер қабылданды, бұл өткен жылы оңтайландырылуға тиіс жалпы алаңдардың 90,7 пайызын құрады.

Сонымен қатар департамент облыстағы республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың (қалалық, аудандық бөлімшелерді қоса алғанда) алып отырғандарына талдау жүргізу барысында анықталған алаңдарды оңтайландыру жұмыстарын жүргізді. Талдау нәтижесінде оңтайландыруға ұсынылғаны – 2001,71 шаршы метр. Оның 1681,51 шаршы метріне артық алаңдарды оңтайландыру бойынша шешімдер қабылданды. Осылайша республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың жүргізілген талдау қорытындысы бойынша биыл оңтайландырылуы тиіс алаңдардың 84 пайызы орындалды.

Бір жыл көлемінде Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешеліндіру департаментіне 450 атқару өндірісі қабылданды. Бұл 2 419 978 бірлік мүлікті құрады, оның ішінде автокөлік, алкогольдік өнімдер, дизельдік отын және бензин, сұйытылған газ, темекі және басқа да өнімдер бар.

Өткен жылы 18 комиссия отырысы өткізіліп, жекелеген негіздер бойынша түскен мүліктерге шешімдер қабылданды. Жалпы өткен жылы 331 атқару өндірісі жалпы құны 197 357,7 мың теңгеге бағаланды.

Басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне жалпы құны 108 175,7 мың теңгені құрайтын 15 дана танк маторын, 9 257,9 мың теңгені құрайтын 53332 литр бензин, дизельдік отын және бағалау құны 19 830,2 мың теңгені құрайтын 5 автокөлік берілді. Электрондық сауда-саттықта 135 атқару өндірісі бойынша мүліктер 38 161,2 мың теңгеге өткерілді.

«Бірыңғай теңгерім ұстаушы» жобасын іске асыру негізінде ғимараттар мен автокөліктерді ұстаумен оларға қызмет көрсетуді орталықтандыру және шығындарды қысқарту мақсатында департаменттің жеке құрылымдарға 23 әкімшілік ғимараттар жеке күзет агенттіктеріне, 24 ғимарат мүгедектер қоғамдық бірлестіктеріне, 24 ғимарат жеке кәсіпкерлерге берілді. Бұдан бөлек, аудандық қазынашылық басқармаларының, аудандық мемлекеттік кірістер басқармалары басшылары мен қызметкерлерін тасымалдау үшін 20 жеңіл автокөлік жалға алынды.

Жоғарыдағы қызметтер бойынша жалпы соммасы 206 869,2 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурс жарияланып, мемлекеттік сатып алу нәтижесінде 171 628,8 мың теңгеге шарттар жасалды. Осылайша бюджет қаражатының 35 240,4 мың теңгесі немесе 17 пайызы үнемделді. Үнемделген қаражат есебінен Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы мен Қордай аудандық қазынашылық басқармасы орналасқан әкімшілік ғимараттары ағымдағы жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаменті орналасқан әкімшілік ғимараттың Қаңтар оқиғасынан кейін бүлінген терезелерінің шынылары ауыстырылды, қабырғалары әрленді. Шу және Мойынқұм ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларының сұйық отынмен жанатын қазандықтары қайта жөнделді.

Жоспарланған қаржыны игеру – басты міндеттердің бірі. Былтыр жеке қаржылындыру жоспары – 317 457,4 мың теңгені құрады. Жылдық жоспарға негізделген барлық атқарылатын қызметтер өз міндеттемелеріне алынып, толыққанды игерілді.

 

Алтай ЖІГІТЕКОВ,

Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support