- Advertisement -

Партия атынан ұсынылатын үміткерлер тізімі бекітілді

318

- Advertisement -

«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс XXXI конференциясы өтті. Жиын филиал төрағасы Дауыл Бейсенқұловтың төрағалығымен өткізілді.

Конференцияда Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына партиялық тізім және бірмандаттық сайлау округтері бойынша сайланатын үміткерлер тізімі бекітілді.

Сайлау заңнамасының талаптарын ескере отырып, кандидаттар тізімінің сандық және сапалық құрамын сақтау мақсатында ұсыныстар тыңдалып, талқылау жүргізілді. Тізімге ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген және түрлі саланың танымал азаматтары мен қоғам белсенділері, білім және медицина салаларының үздіктері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, орта және бизнес кәсіптің иелері және т.б. тұлғалар кірді.

Айта кетейік, бұл жолы партиялық тізімнің 77 пайызы жаңарды. Тізімдегі үміткерлердің 37 пайызы әйелдер болса, 12 пайызы – жастар, ал 40 пайызын кәсіпкерлер құрайды. Сонымен қоса, тізімнің 4 пайызы өзге ұлт өкілдері болып табылады.

Тізімде COVID-19-ға қарсы отандық вакцинаның авторы, Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махметғали Сарыбеков, «Әулие-Ата Феникс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Фарида Жүнісова, «Арайстроймаркет-2003» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Арман Еділбаев, жеке кәсіпкер Жанар Бүркітбаева сынды өңірге беделді азаматтар бар. Олардың әрқайсысы еліміздің, өңірдің дамуына елеулі үлес қосып келеді, қалың жұртшылыққа жақсы таныс.

1. Партиялық тізім бойынша сайланатын Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар тізімі: Апбосов Жалил Азимович, Айдарбек Назерке Айдосқызы, Ашимова Айман Серікқызы, Байгисиева Айжан Әділханқызы, Бегалиев Керімқұл Мамырұлы, Бегманов Саид Аблекович, Бейсебаев Нурман Еренсізұлы, Бейсенқұлов Дауыл Ынтықбайұлы, Бексұлтанова Анар Сағынтайқызы, Болатбек Уалихан Болатбекұлы, Борисюк Оксана Валерьевна, Дөненбаев Мейрамбек Әліқұлұлы, Еділбаев Арман Захарыпұлы, Ералиев Бегалы Ералыұлы, Еркебаев Канат Калдыбекович, Жетібаев Қайрат Қыдырәліұлы, Жүнісова Фарида Амансарықызы, Трубников Евгений Геннадьевич, Жұманқұлова Раушан Көшербекқызы, Закарья Күнсұлу Дальтонқызы, Метерқұлова Аяулым Нұрланқызы, Мутәлі Әбутәліп, Нұралиев Абдуалы Тоқбергенұлы, Нұрмаханова Лаура Игенқызы, Нұрпейсова Перизат Шымыртайқызы, Нұрсипатов Руслан Маратұлы, Ордабаев Қанат Апрелұлы, Өсербаев Сұлтан Мықтыбекұлы, Расилов Айдос Тамашаевич, Рахматова Асел Жомартқызы, Сариев Ерсін Берікұлы, Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы, Сәлемов Серік Жақсылықұлы, Умаров Гулам Мухтарович.

2. Бірмандатты сайлау округтері бойынша ұсынылатын Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар тізімі: Ақшалова Айгүл Сағымбекқызы, Даутов Оралхан Әбдірашұлы, Махусеев Зайнуддин Абдулбахарович, Абдықұлов Қайрат Сатбайұлы, Қойлыбаева Эльмира Серікқызы, Савченко Андрей Анатольевич, Жузанов Айдар Сұлтанұлы, Манекеев Мухтар Шалғынбайұлы, Ташқараев Дамир Отарханұлы, Мағзымбеков Ерулан Сабенұлы, Буларов Лугмар Харкиевич, Беделбаев Расул Базарбекұлы, Тілеубердиева Гүлжан Ержанқызы, Қалымбетов Бақытжан Алдасугирович, Толепбеков Мұрат, Танкебаев Жұмахан Мұқашұлы, Қораласбаев Арылбек Шамшабекұлы, Толыбаев Бағдат Сәтұлы бар.

AMANAT

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support