Жамбылда не жаңалық?

Мойынқұм

Мойынқұм

Биназар ауылында ауыл әкімі Ержан Әмірхановтың ұйымдастыруымен көше тұрғындары арасында қазақтың салт-дәстүрін насихаттау мақсатында өтіп жатқан «Әжелер байқауы» жалғасуда. Бұл жолғы шара соғыс және еңбек ардагері Мешітбай Қыдырбаев атындағы көшенің әжелері арасында бесікке салу шарты бойынша өтті. Көше есімін иеленген майдангердің шөбересін бесікке Шымыр әже салып, «бесік жырын» нақышына келтіре шырқады. Ауылдағы тоғыз көшеден бірінші орын алған командаға ауыл әкімінің кубогы тапсырылып, басқа да жүлделі орын алған әжелер командаларына сыйлықтар тапсырылады.