Экономика

Президент Байзақ ауданы Мырзатай ауылындағы «Әулие Ата Феникс» құс фабрикасына барды

Президент Байзақ ауданы Мырзатай ауылындағы «Әулие Ата Феникс» құс фабрикасына барды

Президент Байзақ ауданы Мырзатай ауылындағы «Әулие Ата Феникс» құс фабрикасын аралап көріп, кәсіпорынның цехтарымен және дайын өнімдерімен танысты, - деп хабарлайды Akorda.kz сайты. Голланд технологиясымен 1 млн балапан өсіретін құс фабрикасында 250-ге жуық ауыл тұрғыны жұмыс істейді. Кәсіпорын жыл сайын 8 мың тонна бройлер етін өндіреді, сондай-ақ өнім ішкі нарыққа жеткізіледі және Ресейге, Қырғызстанға экспортталады. Биыл құс фабрикасының өндірістік қуатын 12 мың тоннаға дейін арттыру үшін жалпы құны 1,4 миллиард теңгені құрайтын 6 нысан салу жоспарланып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі құс шаруашылығының дамуы жөнінде мәлімет берілді.  

Akorda.kz