- Advertisement -

Сыршыл жырды жанына серік еткен

249

- Advertisement -

Өңіріміздің руханияты жанына поэзияны серік еткен талантты жастарға кенде емес. Солардың қатарында өлеңге деген адалдығынан айнымай келе жатқан Жамбыл ауданы, Еңбек ауылының тұрғыны Қуаныш Ауғанбаев та бар.

Ақынның осы күнге дейін «Тектұрмас жаққа ұшқан құс» атты жыр кітабы жарық көрген. «Өмір – күрес, күн үшін жаймашуақ, Құстың ұштым қанатын айға сұрап. Өлең мені келесің тербетумен,Жүрегімнің төрінде жайғасып ап» деп жырлаған Қуаныш – шын ақын. Жақында облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығында Қуаныш Ауғанбаевтың «Көңіл көшіндегі шуақ» атты оқырмандарымен кездесу кеші өтті.

Іс-шараны облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасына қарасты «Өңірлік коммуникациялар қызметі» басшысының орынбасары Ринат Нұрақбаев жүргізіп отырды.

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғайни Әлімбекқызы кеш иесінің сырға толы, мұңға толы өлеңдеріне лайықты талдау жасап, Қуаныштан құшақ-құшақ жылы сөзін аямады. Өзінің де көңілдің күйін шертетін әсерлі өлеңдерін оқып берді.

Ақын, облыстық «Аr- Ai» жастар газетінің тілшісі Нұржан Әліш те кеш иесінің өлеңге адалдығы жайлы ағынан жарылып, ой қозғады.

Кеш иесі Қуаныш Ауғанбаев өзінің «Өлең сезім», «Күз серенадасы», «Бақ ішіндегі өлең» атты жырларын шабыттана оқып берді. Жамбыл аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінің қызметкері Мақсат Жұмабаев та ақынға жерлестерінің ақ сәлемін жеткізді.

Мәдени ұйымдастырушы Разия Есенбекова орталықтағы жиі өтетін іс-шаралар барысына тоқталса, кітапханашы Қарлығаш Дәуірбаева мұнда қызмет алушылармен байланыс, кітап пен газет- журналдың оқырмандарға әсері жайлы айтып берді.

Жиынды аталған орталық директорының орынбасары Айгүл Түменбаева қорытындылап, арнайы шақырылған Қуаныш Ауғанбаевқа және қонақтарға алғысын білдіріп, сый-құрмет көрсетті.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support