Жүйелі жұмыс қана нәтижеге жетелейді

Жүйелі жұмыс қана нәтижеге жетелейді
Ең алдымен сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің қолға алған жобаларын талқылап, шешімін күткен мәселелерді уақыт оздырмай шешудің тетіктерін қарастырдық. Қала тұрғындары мен ауылдықтарды алаңдатқан жарық, ауыз су және кәріз жүйелеріне байланысты мәселелерді рет-ретімен шешудің жолдары талқыланды. Одан бөлек, тұрғын үй инспекциясы бөліміне қатысты түйткілдер де назардан тыс қалмайтын болады. Әсіресе, жөндеуді қажет ететін көпқабатты тұрғын үйлерге талдау жасау, күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттар әзірлеу, тұрғын үйлерге газ жүргізу сынды жұмыстарды дер кезінде орындау мәселесі де қаралды.
Шу ауданының баспасөз қызметі