- Advertisement -

Меритократия қағидатымен Тараз қаласы әкімдігінің қызметкерлері басшылық лауазымға тағайындалды

397

- Advertisement -

Тараз қаласы әкімінің өкімімен Тараз қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы лауазымына 2023 жылдың 1 ақпанынан бастап Бекзат Мейрбекович Болатбеков тағайындалды.

Б. Болатбеков 1983 жылы 23 желтоқсанда Жамбыл облысы Талас ауданында туған.
2005 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Тарих, құқық және экономика негіздері», 2007 жылы Қ.А. Ясауи атындағы қазақ-түрік университетін «қаржы» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Жамбыл облысы Байзақ аудандық статистика басқармасының маманы болып бастаған.

2007-2011 жылдары Жамбыл облысы Байзақ ауданы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы; 2011-2012 жылдары Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің бас маманы; 2012-2018 жылдары Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесінің, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас маманы; 2018-2023 жылдары Тараз қаласы әкімінің бас инспекторы, персоналды басқару бөлімшесінің бас инспекторы қызметтерін атқарған.

Тараз қаласы әкімі аппаратының келісімі бойынша, Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары лауазымына 2023 жылдың 1 ақпанынан бастап Габит Сергазиевич Алтаев тағайындалды.

Г. Алтаев 1974 жылы 4 қазанда Жамбыл облысы Жуалы ауданында туған.

1993 жылы Шымкент автомеханикалық техникумының «тасымалдау ұйымдастыру», 2000 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің “инженер-механик”мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданында СПТУ 15-те механик болып бастаған.
2001-2011 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, көлік департаментінің тасымалдау бөлімінің бас маманы;

2011-2019 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің көлік және жолаушылар тасымалдау секторының бас маманы;

2019-2023 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің көлік және жолаушылар тасымалдау секторының меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Тараз қаласы әкімдігінің «Медиа орталығы» директорының міндетін атқару 2023 жылғы 1 ақпаннан бастап Балнур Бектурғанқызы Бектургановаға жүктелді.

Б. Бектурганова 1999 жылы 16 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Мырзатай ауылында туған.

2021 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2020 жылы «Жамбыл ТВ» телеарнасында редактор болып бастаған.
2021-2023 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің «Медиа орталығы» БАҚ және әлеуметтік желі талдаушы қызметін атқарған.

 

Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support