- Advertisement -

Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтуде

52

- Advertisement -

Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамда өткен отырысында ЕАЭО аясындағы экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады, деп хабарлайды Primeminister.kz сайты.

Шараға Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян, Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченко, Қазақстан Үкіметінің басшысы Әлихан Смайылов, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров және Ресей Үкіметінің басшысы Михаил Мишустин қатысуда.

Шағын құрамда өткен отырыста ЕАЭО-ның алкоголь нарығын реттеу мәселелерін, ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарттың жобасын дайындау барысын, сондай-ақ Одақтың өңірлік даму институттарының қызметін талқылау жоспарланып отыр.

«Қабылданған шешімдер интеграциялық бірлестіктің одан әрі дамуына елеулі үлес қосып, тың серпін беретініне сенімдімін», — деді отырыста сөз алған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support