- Advertisement -

Жемқорлықтың алдын алу маңызды

47

- Advertisement -

Бүгінгі қоғамның басты проблемаларының бірі – сыбайлас жемқорлық. Осынау дертпен күресте кез келген азамат жауапкершілік жүгін сезінгені жөн. Ал құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне артылар жүктің салмағы одан да ауыр.

Тәртіп сақшылары әрбір әрекетін заң аясында жүге асырып, талаптарды мүлтіксіз сақтауы тиіс.

Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде өткен жиынның мәні осыған саяды. Басқосу барысында «AMANAT» партиясының мүшесі, Тараз сервис және технологиялық колледжі директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Бекбол Несипбеков жеке құрам қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтан төнетін қауіп жөнінде кеңінен ақпарат беріп, шен таққандар антына адал болуы қажеттігін атап өтті.

Бекбол Болысханұлы өз сөзінде ағымдағы жылдың наурыз айында елімізде маңызы зор саяси науқан өтетініне тоқталып, ҚАЖ қызметкерлерін осынау айтулы шарада белсенділік танытуға шақырды.

Жиын соңында мекеме бастығы, әділет подполковнигі Нұржан Кузембаев жеке құрам қызметкерлері арасында жемқорлықты болдырмау мақсатында кешенді жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support