- Advertisement -

Онлайн сауалнамаға қатысыңыз!

42

- Advertisement -

Облыстағы жемқорлықпен күрес қызметі кәсіпкерлікті жүргізудегі кедергілерді бағалау мақсатында сауалнама жүргізуде. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында адал кәсіпкерлікті мемлекеттік органдардың заңсыз араласуынан қорғау – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тұрақты бақылауында.

Облыс бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінде өңірдегі кәсіпкерлердің түйткілді мәселелерін шешу үшін мобильді топ жұмыс істейді. Бұл топтың құрамында жемқорлыққа қарсы қызметтің, кәсіпкерлер палатасының, облыс әкімдігінің тәжірибелі қызметкерлері, қоғамдық кеңестің, кәсіпкерлікті индустрияландыруға жәрдемдесу палатасының, облыстың рестораторлар мен қонақүйшілер қауымдастығының өкілдері бар.

Мобильді топ кәсіпкерлерге әкімшілік кедергілерді және бизнестің дамуына кесірін келтіретін жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюда құқықтық көмек көрсетіп отыр. Қазіргі уақытта кәсіпкерлердің бизнесті жүргізуі барысында кездесетін қиындықтарды анықтау үшін онлайн сауалнама жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар ақпарат пен шағымдарды жедел қабылдау үшін 8-707-308-1424 «сенім телефоны» да жұмыс істейді. Барлық ірі сауда нысандарында, мысалы, базарларда, сауда, ойын-сауық орталықтарында, супермаркеттерде мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттері туралы шағымдарды қабылдауға арналған сенім телефонының нөмірі ақпараттық аудиохабарлама арқылы да таратылып келеді.

Тұрақты негізде «Антикор орталығы», «Атамекен» ҰКП диалог алаңдарында тұрғындардың, кәсібін жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкердің немесе ірі бизнес иесінің күн сайын бетпе-бет келетін түйткілді және өзекті мәселелерін талқылау, шешу мақсатында аудан орталықтары мен қаланың сауда нысандарында көшпелі қабылдаулар өткiзiліп тұрады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаментінің басшылығы Тараз қаласы, Әйтиев көшесі, №40 мекенжайында күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін жеке қабылдауға дайын екендерін де баса айтқымыз келеді.

Қорыта айтқанда, кедергісіз кәсіп жүргізуге бағытталған сауалнамаға қатысып, ой-пікірлеріңізді ашық жеткізуге толық мүмкіндік бар.

 

Гүлназ БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ,

облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі превенция

басқармасының бас маманы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support