- Advertisement -

Әскери дәрігерлердің жалақысы артады

43

- Advertisement -

Үкімет олардың табысын азаматтық медицина қызметкерлерінің жалақысымен теңестірмек.

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов сенат депутаттарының сауалына берген жауабында әскер дəрігерлері мен азаматтық денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеудегі теңсіздікті жою шаралары қолға алынғанын хабарлады. Атап айтқанда, әскер дәрігерлерінің еңбекақысын азаматтық медициналық мекемелер медициналық қызметкерлерінің жалақысы деңгейіне дейін арттыру көзделген.

Еске салайық, бұл мәселені 2022 жылдың желтоқсанында сенат депутаттары да, мәжіліс депутаттары да көтерген болатын.

«6-7 жыл еңбек өтілі бар әскери дәрігер барлық жәрдемақыларымен қосқанда 200 мың теңгедей ғана жалақы алады. Ал ол кәдімгі дәрігерге қарағанда екі есе аз», – деген еді сол кездегі мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.

Сондай-ақ, үкімет басшысының жауабынан əскери қызметшілерге бастапқы жарнасыз ипотекалық кредит беру бағдарламасы əзірленіп жатқаны белгілі болды.

«Президент әкімшілігінің тапсырмасы бойынша Үкімет тұрғын үй төлемін жүзеге асыру бойынша қолданыстағы тəсілдерді қайта қарайды. Арнайы құрылған жұмыс тобы тұрғын үй төлемін азайтуға бағытталған кешені шараларды әзірлейді», – делінген Әлихан Смайыловтың жауабында.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support