Чехия президенті Қазақстанды экономикалық ғажайып деп атады Чехия президенті Милош Земан Қазақстанды экономикалық ғажайып деп атады.
Чехия президенті Қазақстанды экономикалық ғажайып деп атады Чехия президенті Милош Земан Қазақстанды экономикалық ғажайып деп атады.
Қазір Земан Астанада ресми сапармен жүр. Мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесі барысында Милош Земан Қазақстанның басым бағытты әріптес ел екенін атап өтті және оның айтуынша, бұл Украина мен Ресей арасындағы дағдарысқа ғана байланысты емес. “Орталық Азиямен, әсіресе, Қазақстанды бұрын экономикалық ғажайып саналған Германия, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты елдермен салыстыруға болады. Өйткені Қазақстан - экономикалық ғажайыптың ауырлық күші түсетін жер. Мен мұнда 12-13 жыл бұрын Чех республикасы үкіметінің өкілі ретінде келген болатынмын. Мен адам сенгісіз прогресті байқаймын. Мысалы, Астананың тұрғызылуы. Назарбаев мені 2050 жылға дейінгі құрылыс жоспарларымен таныстырды. Президент атағандай, Қазақ елі әлемдік экономикадағы маңызды ойыншылардың біріне айналады деп ойлаймын”, - деді ол. Чех тарапынан жасалатын бизнес-ұсыныстардың бірі ретінде Милош Земан көлік саласын бөле-жара айтты. “Озық автокөліктерді - Қазақстанның өсуіне көмектесетін жүк көліктерін ұсынамыз. Азаматтық авиация саласында ынтымақтастықты - біздің шағын және орта өлшемдегі жаңартылған ұшақтарымызды ұсынамыз. Қазір Қазақстанда аэродромдар желісі салынып жатқанын білеміз”, - деді Земан. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда чех капиталының қатысуымен 70 кәсіпорын мен чех компанияларының 20 өкілдігі жұмыс істеп жатқанын айтты. “Автокөлік құрастыру саласындағы жемісті ынтымақтастықты атап өткім келеді - “Азия Авто” Skoda автокөліктерін шығарып жатыр. 2005 жылдан бастап, 15 мыңнан астам автокөлік өндірілді, ал келесі жылы 8 мың көлік шығару жоспарланып отыр. Біз ірі индустриялық-инновациялық құрылысты қолға алдық. Соған байланысты машина жасау, энергетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, фармацевтика салаларында ынтымақтастықты кеңейтуге алғышарттар бар. Бүгін бизнес-форумда 450 миллион долларға 13 келісімге қол қойылады”, - деді Назарбаев. Сондай-ақ ол Чехия президентімен Таяу Шығыстағы терроризмнің өршуі, Украина оқиғалары сияқты халықаралық күн тәртібі мәселелері бойынша әңгімелескенін айтты. “Мұның бәрі біздің елдерімізге әсер етеді. Біз ЕАЭО мен Еуропалық одақ арасында ынтымақтастық орнату мүмкіндігі туралы айттық”, - деді Мемлекет басшысы.