ҚР Оқу-ағарту министрлігі: 42 мектепке білім беру қызметіне лицензия алмағаны үшін айыппұл салынды
ҚР Оқу-ағарту министрлігі: 42 мектепке білім беру қызметіне лицензия алмағаны үшін айыппұл салынды
Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті және оның аумақтық департаменттері білім беру ұйымдарына мониторинг жүргізу барысында бірқатар құқық бұзушылықтарды анықтады. Тексеріс нәтижесінде 2022 жылдың соңында 56 мектеп лицензиясыз жұмыс істегені белгілі болды. Оның ішінде 40 мемлекеттік, 16 жекеменшік мекеме. Лицензиясыз жұмыс істейтін мектептердің ең көбі Астана және Алматы қалаларына, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жетісу, Маңғыстау және Жамбыл облыстарына тиесілі. Бүгінгі таңда 11 мектеп білім беру қызметіне лицензия алды. Үш мектептің материалы соттың қарауында. 42 мектепке қатысты сот лицензиясыз қызмет көрсеткені үшін айыппұл тағайындау туралы қаулы шығарды.
Мектептер жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде. Министрлік облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне және білім басқармаларының басшыларына мектептердегі құқық бұзушылықтарды жою үшін шаралар қабылдау туралы ресми хат жолдады.