- Advertisement -

Бастауыш сыныптарда нәтижеге жету жолдары

78

- Advertisement -

Нәтижеге бағытталған білім беру дегеніміз жеке тұлғаның құзырлығын қалыптастыру екен. Ал құзырлық дегеніміз не? Құзырлық – ол тереңнен берілетін білім. Оқушының құзырлылығын қалыптастыру үшін мұғалімнің өзі бірқұзырлыққа жетуі керек. Бүгінгі таңда мұғалімге қойылатын талап та күшті. Жаңа формация мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу ғана емес, тарихи танымдық, педагогикалық, психологиялық және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың жаңа технологиясын меңгерген жан болғанда ғана нәтижеге жетпек.

Мұндай жетістіктерге жету үшін әрбір мұғалім өз пәнінің хас маманы ғана емес, оқушылардың сол пәнге деген қызығушылығын арттырушы дәнекер, шебер ұстаз бола білу керек. Өзінің әр сабағын түрлендіріп, оқушылардың ынта- назарларын осы пәнге аударта білу де маңызды. Осы маңыздылықты ұстанып, әр сабағымды түрлендіріп, өз дәрежесінде өткізуге тырысамын.

Оқытуда мұғалімнің басты міндеті – оқу материалын дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп жалпы іс-әрекетті ұйымдастыру. Оқушыға бағыт-бағдар беру, өздігінен білім алуға үйрету – негізгі міндет. Әр мұғалім өз сабағын өзінің кәсіптік тәжірибесіне, шеберлігіне сүйене отырып жоспарлайды. Егер мұғалім қандай да бір оқытудың педагогикалық технологиясына сүйенетін болса, онда ол өз қызметінде белгілі бір нәтижеге жетуге үйренеді.

Осы арада айтарым, өз тәжірибемде мен сын тұрғысынан ойлау технологиясына сүйенемін. Сын тұрғысынан ойлаудың (СТО) әдіс-тәсілдерін негізгі пәндердің барлығында еркін қолданамын десем болады. СТО әдістерін пайдалана отырып, 3-сыныпқа арналған «Тіл дамыту» авторлық бағдарламасын жаздым. Бағдарлама 5 бөлімнен тұрды. Соның ішіндегі «Дәстүріңді сақтай біл!» бөліміндегі «Отбасындағы озық дәстүрлер» тақырыбы бойынша өткен сабақта Молдияр Елнұр есімді шәкіртім өзінің отбасылық дәстүрлерін,7 атасы туралы бастаған ізденушілік жұмысын «Атадан дарыған қабілет» атты зерттеушілік жұмысқа айналдырып, мектепішілік, аудандық байқаулардан 1-орын, облыстан бас жүлде иеленген болатын. Осы орайда Қорқыт атаның мына сөзі еріксіз еске түседі «Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді». Сондай-ақ «Оқушы қаламынан» бөліміндегі «Менің сүйікті жазушым» тақырыбы бойынша өткен сабақта шәкіртім Ермекбай Әлихан сүйікті жазушысы Шерхан Мұртаза екенін айта келе, қаламгер туралы ізденіп, «Шерхан Мұртаза – бүгінге үлгі етер тұлға» тақырыбында ғылыми жоба жазып, облыстан 2-орын иеленді.

Сабақ барысында оқушыларға өз бетінше орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беремін. «Ашық сұрақтарды», сынақтан өткізу сұрақтарын көбірек қоюға, сондай-ақ шәкірттеріме ашық сұрақтарды қоя білуге жетелеймін.

Бүгінде жаңартылған білім мазмұны талаптарының бірі – оқу мақсаты. Яғни, ұзақ мерзімді жоспардан сабақ тақырыбына сай оқу мақсатын дұрыс таңдап қою, содан кейін күнделікті сабақта оқу мақсатын алдымызда отырған шәкірттерімізге айту, сабақ соңында соған жету. Бүгінгі нәтижеге жету жолдарының ең бастысы осыда, яғни, ҚМЖ-ны дұрыс құру. Дайын ҚМЖ-ны шығарып ала салмай, оқу мақсатына сай әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдай отырып, ҚМЖ жазу. Сабақта оқулықтағы бүкіл тапсырманы орындатудың қажеті жоқ. Қайта оқу мақсатына сай тапсырмаларды саралап әкеп орындату нәтижеге әкеледі деп ойлаймын.

Сондай-ақ оқушыларға сабақта ғана емес, күнделікті өмірде де алдарына мақсат қойып, соған жетуге, уақытты тиімді қолдануға жетелеймін. «Бүгінгі күндеріңді жоғалтып алмаңдар» деген сөзді жиі қолданамын. Яғни, өз-өзіне күнделікті істеген іс-әрекеттері бойынша «Айна әдісі» арқылы есеп беруді әдетке айналдыруға шақырамын. Мысалға, «Менің атым – Қожа» кинофильмінен үзінді көрсете отырып, Қожаның іс-әрекеті туралы пікір алмаса келе, жақсы қасиеттерді бойларына сіңіруге тәрбиелеймін. Бұл әдісті өз тәжірибемде де қолданамын.

Оқу пирамидасына сәйкес оқушылардың алған ақпараттарын сақтау үшін көмектесетін тәсіл көрсетілім, сондай-ақ алған ақпаратты есте сақтау үшін ең тиімдісі өзгелерді оқыту тәсілдерін сабақтарымда үнемі қолданамын. Мысалы, былтырғы оқу жылында ОЖСБ дайындағанда осыны қолдандым. Нәтижесінде сынып оқушыларым математика, қазақ тілі, жаратылыстану пәндерінен 30 балдық сұрақтың 27, 29-30 балл алып жүрді. Осы жерде тағы бір қосарым, ата-анамен дұрыс қарым-қатынас. Үштік одақ аясында дұрыс жұмыс жүргізе білу.

Өздерінің оқуларын реттей алатын дарынды және талантты балаларға арнайы, қабілеттеріне қарай жеке тапсырмалар беріп отырамын. Мысалы, былтыр 2-4 сыныптар арасында математикадан өткен «Бастау» олимпиадасына дайындағанда осындай балалардан топ құрып, бөлек жұмыс жүргіздім. Нәтижесінде шәкірттерім мектепішілік, аудандық олимпиададан 1-орын иеленді. Керісінше, М.Чиксенмихайдың «Өзіндік мақсат» сызбасы бойынша дағдысы төмен оқушыға алаңдау тудырмау үшін, жоғары міндет қоймауға тырысамын.

Оқушыға тапсырманы орындауға кеңес берілмегендіктен, оқушының қабілеті жетіп

Оқушыға тапсырманы орындауға кеңес берілмегендіктен, оқушының қабілеті жетіп тұрса да, тапсырманы орындай алмауы (Дж.Флейвелл) өнімділік тапшылығын тудыратындығын айтып кеткендей әр тапсырманы орындау алдында міндетті түрде кеңес беремін. Мысалы, 4-сыныптың қазіргі математика оқулығын алайық. Оқулықтағы басым көпшілік есепті шығар деп бере салсаң, оқушы орындай алмайды. Себебі, түсінбейді.

Тағы бір қосарым, нәтижеге жету үшін, оқушының сабаққа қызығушылығын ояту қажет. Оқуға қызығуды ынталандыру әдісі – бұл танымдық ойындар.

Сондай-ақ оқушыны ойлауға үйрету де маңызды болып саналады. Осы тұрғыда өмірдегі нағыз шебер ұстаз Шалва Амонашвилидің әдіс-тәсілдерін қолданамын. Соның біреуіне ғана тоқталайын. Бұл әдіс математика сабағында жазық геометриялық фигураларды өткенде қолдандым. Оқушыларға екі геометриялық фигура ұсынылады және фигураларды есте сақтауға бірер минут беріледі. Сосын фигуралар оқушылардың көз алдарынан жоғалады. Ал оқушылар ешқандай қағаз, қалам, қарындаш қолданбай, елестету арқылы ойша, әр фигурада қанша шаршы бар екенін айтады. Жауапты оқушылар шулап, бірден айтпайды, мұғалім тапсырма берердің алдында оқушыларға ескертеді, сұраққа жауабы дайын оқушы үндемей қол көтереді, сол кезде мұғалім оның қасына барады, ал оқушы жауапты оның құлағына сыбырлап қана айтады. Ұстаз бұл жерде әр балаға ойлануға уақыт, әрі мүмкіндік береді.

Сөз соңында ұстаздық еңбек жолымдағы нәтижелерімнің бір-екеуіне тоқталғым келеді.

Бір сыныптан жіберген оқу озаттарым, 11-сыныпта алтауы «Алтын белгіге» аяқтады. Олар: Молдияр Нұртас, Іният Нұрила, Марат Асылым, Әзімхан Маржан, Иргебай Жазира, Құдайберген Назерке. Облыстық пән олимпиадасында ерекше білімімен көзге түскен Молдияр Нұртас Алматы қаласындағы Жәутіков атындағы физика-математика мектебіне сырттай қабылданған болатын. Одан кейінгі түлектерімнен облыстық пән олимпиадасынан 1-орын алғандар: Молдияр Елнұр, Оңғалбай Мұхаммед, Боларбек Қалижан, кейінгі түлектерден Равхатова Нұрлы. Бұлар да мектепті «Алтын белгіге» аяқтады. Патриоттық өлеңдер байқауынан Нұрлы Равхатова бас жүлде алса, 1-орынды Тұрғанбекова Әсел алды.

Былтырғы оқу жылы бойынша аудандық «Бастау» олимпиадасынан Қанатбек Сезім 2-орын, командалық жарыстан 1-орын, 2-7 сыныптар арасында өткен «Зерде» ғылыми жоба байқауы бойынша ауданнан Серік Маржан 1-орын, облыстан Алғыс хат иеленді.

 Камшат АДИЕВА,

Ш.Мұртаза атындағы 1 мектеп- гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support