Денсаулық

“Ақ жолды” асыға күтеміз

“Ақ жолды” асыға күтеміз

23Махметғали САРЫБЕКОВ, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры.

Жасыратыны жоқ, біздің өңірде облыстық «Ақ жол» газетінің алатын орны ерекше. Басылым уақыт тынысын дөп басып, қасиетті Әулиеата өңірінің жұртшылығымен біте қайнасып келеді. Әсіресе, газет бетіндегі кейінгі тың ізденістер, жаңа айдарлар мен жобалар көптің көңілінен шығуда. «Оқырман отауынан» ел-жұрттың ой-пікірлерін, көкейде жүрген түйткілдерін кездестіруге болады. Жалпы, газеттің әрбір санында оқырман хаттарына көбірек орын берілетіндігі байқалады. Мұның өзі газет пен авторлардың байланысын нығайта түсетіндігі сөзсіз. Газет сонысымен халықтың көзі, құлағы һәм тілі. «Шөкеңнің шошаласы» мен сөзжұмбақ, карикатуралар да қажетті дүниелер. «Ақ жолдың» әр санын оқыған сайын осындай тың ізденістерді көріп, қуанасың. Басылым таяуда тағы бір жобаны қолға алыпты. Бұл – «Маздақ» деп аталатын жастарға арналған бет. Расында да газет оқырмандары әралуан болып келеді. Олардың арасында жастардың да кездесетіні заңдылық. Міне, редакция басшылығы осыны ескеріп, жас толқынға үлкен сый жасапты. Жастарға қажетті қызықты әрі танымдық дүниелерге, олардың шығармашылығы мен ой-пікірлеріне кеңінен орын берілген. «Маздақтың» Халықаралық Студенттер күніне арналған саны да сәтті шығыпты. Жаңа жоба құптарлық-ақ екен. Бір сөзбен айтқанда осындай бастамаларымен сүйсіндіріп жүрген «Ақ жолды» асыға күтетін болдық. Біздің үлкен шаңырағымыз да өзінің сүйікті газетіне көптеп жазылады.