Күй құдіретіне арналған кеш
Күй құдіретіне арналған кеш
Мұнан соң Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің аға оқытушысы Гүлназ Шабанбаева Қорқыттың «Қасқыр ұлығанда», «Ерден» күйлерін қобызбен тартып берсе, Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының күйшісі Рауан Әбілқасов Қорқыттың «Жез киік», «Аққу» атты күйлерін жоғары шеберлікпен орындады. Сондай-ақ қонақтар оқушылардың түрлі сұрақтарына жауап берді. Ал өз кезегінде аталған мектеп-интернаттың дарынды оқушысы Әскербек Жамантай Н.Тілендиевтің «Әлқисса» күйін, Ажар Қойбағар Дәулеткерейдің күйі «Қосалқаны», Асылхан Садық халық күйі «Келіншекті» орындады. Сондай-ақ өнерлі оқушылар Сара Рысалды, Аруна Қанатбек, Дархан Әзірбай Ықылас бабамызға арналып жазылған қазақ ақындарының өлеңдері мен белгілі тұлғалардың арнау сөздерін оқып берді. Іс-шарада ән әуелеп, күй күмбірледі. Нұрғиса Тілендиев атындағы мектептің шын мәнінде өнерлі білім шаңырағы екеніне көзіміз жетті. Осы істі ұйымдастыруда ұйымдастырушы-педагог Айжан Мырзахметованың үлесі үлкен. Іс-шараны аталған ұжымның басшысы Гүлзира Жақсыбекқызы қорытындылап, қонақтарға алғысын білдірді.
Есет ДОСАЛЫ