- Advertisement -

367 ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылған

84

- Advertisement -

Облыста 2025 жылға дейін 74 елді мекен талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Руслан Нохрабеков айтты.

Облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайхановтың төрағалығымен өткен кеңесте басқарма басшысы салада атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Руслан Нохрабековтің айтуынша, облыста бүгінгі таңда 367 ауылдық елді мекеннің 150-і жоғары жылдамдықты 4G мобильді интернетімен қамтамасыз етілген. Облыстағы барлық 371 елді мекеннің 72-сі – 2G, 140-ы – 3G төмен жылдамдықты мобильді интернетімен қамтылған. 5 елді мекен мобильді байланысқа қосылмаған.

– 186 елді мекен талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз етілмеген. Осыған орай, 2025 жылға дейін ауылдық елді мекендерді талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету бойынша әзірленген Жол картасына сәйкес 74 елді мекенде қосу жұмыстары жүзеге асады, – деді Руслан Нохрабеков.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тарапынан «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын іске асыру жоспарлануда, аталған жобаға 119 елді мекен ұсынылды.

Жиын қорытындысы бойынша жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктелді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support