- Advertisement -

Абиба Әбужақынова дзюдодан Алмада Гран Приінің жеңімпазы атанды

47

- Advertisement -

Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова Португалияда дзюдодан өтіп жатқан Гран При бәсекесінде чемпион атанды.

27-29 қаңтар аралығында Алмада қаласында өтіп жатқан татами шеберлерінің турниріне Қазақстан спортшылары толық құрамда барды. Әйелдер арасында 48 келіде күрескен Абиба Әбужақынова пен Ғалия Тынбаева финалға дейін сүрінбей жетті.

Алтын үшін белдесуде қос спортшы өзара мықтыны анықтап, нәтижесінде әлем чемпионатының қола жүлдегері Абиба Әбужақынова жеңімпаз атанды.

Бүгін Португалия Гран Приінде 73, 81, 90 келіге дейінгі салмақтағы спортшылар күреседі. Олардың қатарында Жайнсай Смағұлов, Аңсарбек Ғайнуллин, Абылайхан Жұбаназар, Бекәділ Шаймерденов, Дана Әбдірова, Севара Нышанбаева, Есмигүл Куюлова, Самалай Ерғалиева сынды спортшылар бар.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support