- Advertisement -

Қайыс өңдеп, қамшы өрген Руслан

145

- Advertisement -

Қордай ауданындағы Қарасай батыр ауылының тұрғыны Руслан Арынбаев қамшы жасауды бала кезден меңгерген. Соңғы 5 жылда ата кәсіпті меңгерген тұрғын 4 өрімнен 12 өрімге дейінгі қамшыны жасайды.

Шебердің айтуынша, сабына кез келген тал-дарақ жарамайды. Тек күзде шабылған тобылғыны пайдаланады. Оның өзін Алматы облысы мен Қырғызстаннан алдырады екен. Руслан қамшыдан өзге, ер-тұрман мен тоқым, жүген, мұрындықты да жасайды. Алтын қолды ұстаға алыс-жақын ауылдардан тапсырыс беретіндер көп. Бұрын қайысты тері комбинатынан алса, қазір өзі илеп бастаған. Ауыл тұрғынының еңбегін елеп, жергілікті билік қайтарымсыз грант берген. Қажетті құрал-сайманын түгендеген қолөнерші енді кәсібін кеңейтуді көздеп отыр.

– Қамшыға терісін өзім өңдесем, илесем деген үміт болып отыр. Бір-екі рет жасап көрдім, бірақ кішкене кемшіліктер болып тұр. Қолдан жасалған қайысымыздың өзі керемет. Олар суға төзімді, терге бой бермейтін, оңайлықпен үзілмейді де, – дейді Қарасай батыр ауылының тұрғыны Руслан Арынбаев.

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support