Мал шығынына жол бермеу үшін...

Мал шығынына жол бермеу үшін...
– Қыстау науқанына мал азығын дайындау үшін шабуға белгіленген алқап көлемі 34720 гектарды құрады. Оның 5350 гектары көпжылдық шөп және 29370 гектар табиғи шабындық алқабы. Жоспарланған меже – 102200 тонна. Осы алқаптардан 103400 тонна шөп дайындалды. Оның 23161 тоннасы жоңышқа және 80239 тоннасы табиғи шөп. Бұдан бөлек, 38100 тонна сабан және 18000 тонна жантақ дайындалып, жиналды. Барлығы 159500 тонна мал азығы дайындалып, жоспар 156 пайызға орындалды. Ауданда бүгінде елді мекендерден тысқары 171 қыстауда мал қыстатылып жатыр. Онда 115 527 бас төрт түлік қыстауға түскен. Мүйізді ірі қара – 6890, уақ мал – 102890, жылқы – 4345 және түйе – 1402 бас. Осы малдың қысқы қажеттілігі үшін қыстаулар басында 250 тонна жем және 40945 тонна шөп дайындалып, жиналды. Бүгінде 26600 тонна мал азығы, 65 пайызы қалды. Қыст аулардың басында ма л суару үшін 132 құдық қазылған, қалған қыстаудағы мал әртүрлі су көздерінің суымен суарылды. Қыстауларға апаратын жолдар толық тазартылған. Ауыл әкімдері және ауылдық округ мамандары қыстаудағы азаматтармен үнемі байланыста. Елді мекен ішінде 173800 бас мал қыстауда. Мүйізді ірі қара – 18440, уақ мал – 117560, жылқы – 3130 және 2104 бас түйе. Осы төрт түліктің қажеттілігі үшін 124400 тонна шөп дайындалған. Бүгінде 73350 тонна мал азығы бар. Дайындалған мал азығы қоры толықтай жеткілікті, – деді Қ.Аманов. Қыстың екінші айы аяқталып қалғанымен, малдың көкке ілінуі үшін әлі де екі айдай уақыт бар. Ақпанда да ақ түтек боран жиі соғып, төрт түлік қолға қарап қалады. Сондықтан да мал баққан жұрт қолдағы жем-шөпті үнемдеп жұмсап, қыстан қысылмай шықса дейміз.
Амангелді ӘБІЛ
Сарысу ауданы