Жаңалықтар

Нұржан Нұржігітов жетінші шақырылған облыстық мәслихат депутаттарына алғыс айтты

Нұржан Нұржігітов жетінші шақырылған облыстық мәслихат депутаттарына алғыс айтты

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов жетінші шақырылған облыстық мәслихат депутаттарымен кездесті.

Кездесу барысында аймақ басшысы экс-депутаттарға атқарған жұмыстары мен белсенділіктері үшін ризашылығын жеткізді.

Сондай-ақ, жетінші шақырылған облыстық мәслихаттың төрағасы болған Махметғали Сарыбеков атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқтала келе, депутаттардың жергілікті бюджеттің дұрыс игерілуі, халықтың тұрмысына, экономикаға қатысты бірқатар жағдайларда мазмұнды шешімдер қабылдағанын баса айтып, олардың қоғамдық бастамалар мен игі шаралардың да ортасынан табылғанын атап өтті. Басқосуда бірқатар азаматтар Алғыс хатпен марапатталды. Айта кетейік, ағымдағы жылдың 19 қаңтары күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтаған болатын.