- Advertisement -

Жасөспірімдер шықты жарысқа…

32

- Advertisement -

Облыс орталығындағы «Гимнастика және теннис» спорт кешенінде таэквондодан (WT) облыстық жарыс басталды. Айтулы додада 2009-2010 жылы туылған 300-ге жуық жасөспірім өзара бақ сынасып, 10 салмақ дәрежесіндегі мықтыны анықтайтын болады. Атап өтерлігі, бұл жарыста өңіріміздегі 7 аудан мен Тараз қаласының жас спортшылары өнер көрсетеді. Белгілі спорт мамандары жергілікті спортшыларға зор үміт артып отырғандарын айтады. Таэквондодан өңірдің бас төрешісі Нұржан Есілбаев тартысқа толы сайыста оқ бойы озық шыққандар ел біріншілігіне жолдама алатынын жеткізді.

– Бұл чемпионатта 12-14 жас аралығындағы жасөспірімдер өнер көрсетеді. Дүбірлі додаға 7 аудан мен Тараз қаласынан келген 27 құрама қатысуда. Оның ішінде 170 спортшымыз облыс орталығының намысын қорғайтын болады. Осы біріншілікте жеңімпаз атанғандар м е н жүлделі орындардан көрінгендер алдағы уақытта өтетін ел чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады. Жалпы біздің жас спортшыларымыз республикалық, халықаралық жарыстарда айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп жүр. Жасөспірімдеріміз бүгінде білгенінен жаңылмайды деп сенеміз, – деді бас төреші.

Айта кетейік, бұл жарыс екі күнге созылады. Ерасыл Ерзат, Олжас Серғалиев пен Айым Серікбай, Анжелина Каримова сынды жас таэквондошыларымыз тартысты додада жеңімпаз атану үшін барын салуы тиіс.

 

Есен ӨТЕУЛІ.

Тараз қаласы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support