Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ММ, Талас ауданы көлемінде көлікпен жолаушылар және жүк тасымалдау қызметіне құқық беру үшін конкурс жариялайды
Конкурсқа төмендегідей бағыттар пакеті шығарылады:
Пакет
№ |
Бағыт атауы | Ұзақтығы | Өткізілетін уақыты мен күні |
1 | Б.Шешен-К.Батыр-Үшарал-Ақкөл-Каратау | 380 | 2023 жылы 10 ақпан күні,
сағат 15:00-де |
2 | С.Шәкіров-Тұрымқұл-Тамабек-Ойық-Ақкөл-Қаратау | 280 | 2023 жылы 10 ақпан күні,
сағат 15:00-де |
3 | Аққұм-Бостандық-Талапты-Ақкөл-Қаратау арқылы | 260 | 2023 жылы 10 ақпан күні,
сағат 15:00-де |
Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарын иеленуші кез келген тұлға қатысуға құқылы.
Конкурсқа қатысушылар конкурс құжаттамаларын алу үшін Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ММ-не жазбаша өтініш беруі тиіс мекенжайы: Қаратау қаласы, А.Шейн көшесі №47, 4 қабат.
Пакеттер бойынша конкурс құжаттамаларын алу үшін өтініштер қабылдаудың соңғы мерзімі 2023 жылдың 10 ақпан күні, сағат 10:00-ге дейін.
Конкурстық комиссия конкурсты өткізу бойынша 2023 жылы 10 ақпан, сағат 15:00-де конкурс алдындағы конференция өткізеді.
Анықтама алу үшін телефон: 8 (726 44) 4-01-13.
Comments are closed.