Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ММ, Талас ауданы көлемінде көлікпен жолаушылар және жүк тасымалдау қызметіне құқық беру үшін конкурс жариялайды

130

Конкурсқа төмендегідей бағыттар пакеті шығарылады:

Пакет

Бағыт атауы Ұзақтығы Өткізілетін уақыты мен күні
1 Б.Шешен-К.Батыр-Үшарал-Ақкөл-Каратау 380 2023 жылы 10 ақпан күні,

сағат 15:00-де

2 С.Шәкіров-Тұрымқұл-Тамабек-Ойық-Ақкөл-Қаратау 280 2023 жылы 10 ақпан күні,

сағат 15:00-де

3 Аққұм-Бостандық-Талапты-Ақкөл-Қаратау арқылы 260 2023 жылы 10 ақпан күні,

сағат 15:00-де

 

Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарын иеленуші кез келген тұлға қатысуға құқылы.

Конкурсқа қатысушылар конкурс құжаттамаларын алу үшін Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ММ-не жазбаша өтініш беруі тиіс мекенжайы: Қаратау қаласы, А.Шейн көшесі №47, 4 қабат.

Пакеттер бойынша конкурс құжаттамаларын алу үшін өтініштер қабылдаудың соңғы мерзімі 2023 жылдың 10 ақпан күні, сағат 10:00-ге дейін.

Конкурстық комиссия конкурсты өткізу бойынша 2023 жылы 10 ақпан, сағат 15:00-де конкурс алдындағы конференция өткізеді.

Анықтама алу үшін телефон: 8 (726 44) 4-01-13.

Comments are closed.