Таразда дәрігерлер сәби саудалады деген күдікке ілінді

32

Тараз қаласының прокуратурасы және Жамбыл облысы ПД-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлескен жедел іздестіру шараларының нәтижесінде жаңа туған сәбиді сату фактісі анықталды.

12.01.2023 жылы аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 135-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру басталып, Тараз қалалық көпбейінді аурухананың 2 медициналық қызметкері ұсталды.

Аталған тұлғалар ҚР ҚПК-нің 128-бабымен уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергелу барысы қала прокуратурасының бақылауында.

 

                              Тараз қаласының прокуратурасы

Comments are closed.