- Advertisement -

Былтыр 2071 жер телімі берілді

124

- Advertisement -

Облыс әкімдігі сәулет және қала құрылысы басқармасы бүгінгі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында тапсырылған міндеттерді басшылыққа алып жұмыс істеуде. Басқармада өткен жылдың қорытындысымен сәулет және қала құрылысы саласында жоспарланған жұмыстар талапқа сай атқарылды.

«Қала және ауылдық елді мекендерде құрылыс салу, қала құрылысын жоспарлау» ережесіне сәйкес, қала және аудан әкімдіктері тарапынан 45 елді мекеннің бас жоспар мен бас жоспардың оңайландырылған нұсқаларына түзетулер енгізілді.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңының талаптарына сәйкес, Тараз қаласы мен облыстық мәслихаттың мақұлдауы алынып, орталық атқарушы органға кешенді сараптамадан өткізу бойынша жұмыстар атқарылуда.

Өткен жылы «Сәулет бюро» мекемесіне 173 жобалық-сметалық құжаттама келісуге ұсынылды. Оның ішінде 91 жобаға келісім беріліп, мақұлданса, 37 жобаға ұсыныстар берілді. 19 жоба қайта пысықтау үшін қайтарылса, 26 жоба келісуден бас тартылды.

«Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы аясында аудан әкімдіктері тарапынан 4 887 гектар аумаққа түгендеу жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар Жамбыл, Байзақ, Қордай, Меркі және Т.Рысқұлов аудандарында іске асырылды.

2022 жылғы 8 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының берген тапсырмасының 3.13 тармағы бойынша, 2019- 2021 жылдары тұрғын үйді пайдалануға беру жөніндегі деректерді мемлекеттік қала құрылысының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің ашық контурына енгізу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сай, 2019- 2021 жылдар аралығында, облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген 9311 (1829555 шаршыметр) қабылдау актілері тіркеуден өткен.

Тараз қаласы мен аудан әкімдіктеріне жоғарыда аталған тапсырма беріліп, қабылдау актілері ақпараттық жүйеге толығымен енгізілді.
Сондай-ақ өткен жылы облыс бойынша 2935 (567161,34 шаршыметр) тұрғын үйдің қабылдау актісі ақпараттық жүйеге енгізілді.

Сонымен қатар тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша ақпараттық жүйеге енгізілген мәліметтерге күнделікті мониторинг жасалып, толықтыру жұмыстары жүргізілуде.

Жер телімі кезегіне Тараз қаласы мен аудандарда 55832 азамат тіркелген. Жалпы облыс бойынша жер алуға 184 971 адам кезекте тұр. Жер кезегіне азаматтардың көп тіркелу себептерінің бірі, 2022 жылдың сәуір айынан бастап жер кезегіне тіркелу www.egov.kz «электрондық Үкімет» веб-порталы арқылы электронды нұсқаға ауысуы және жер кезегіне азаматтардың қайталанып тіркелуі болып отыр.

Бұл бойынша Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері жер кезегіне қайталанып тіркелген азаматтарға талдау жұмыстарын жүргізіп, нақты қажеттілікті анықтауы қажет.

Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің мәліметіне сәйкес, 2022 жылы жер кезегіндегі азаматтарға жалпы 4865 жер телімін тарату жоспарланып, оның ішінде 2071 жер телімі таратылды. Оның 1711-і өткен жылғы жоспарланған аумақтан берілсе, 360 жер телімі 2021 жылдан өтпелі болатын. Қалған 2794 жер учаскесі алдағы уақытта берілетін болады.

Ел Президентінің тұрғындардың жайлы тұруы үшін қолайлы жағдай жасау жөнінде берген тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің бастамасымен Тараз қаласы мен аудандар аумағын дамыту, абаттандыру мақсатында қолға алынған жобалар баршылық. Жалпы өткен жылы басқармаға бағынысты «Сәулеттік бюро» мекемесі тарапынан 32 эскиздік жоба әзірленіп, оның 16-сы іске асырылды.

Биыл сәулет және қала құрылысы саласына қатысты бірқатар жобаларды қолға алып, Тараз қаласы және аудан әкімдіктерімен бірлесіп іске асырылуын қамтамасыз етеміз.

Атап айтқанда, біріншіден, Тараз қаласының бас жоспар жобасына «Қала және ауылдық елді мекендерде құрылыс салу, қала құрылысын жоспарлау» Ережесіне сәйкес, тиісті келісімдерді алып Үкіметтің қарауына енгізу.

Екіншіден, «Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі» «Жамбыл облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарында» бекітілген 2023 жылдың жоспарына сәйкес, 6011,95 гектарды құрайтын аумаққа жерасты және жерүсті коммуникацияларына түгендеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Сонымен бірге, Тараз қаласына 2023-2024 жылдары аралығында 3327 гектарға 1:500 масштабтағы топотүсірілімді жүргізуді (түгендеу) аяқтау қажет.

Үшіншіден, облыстың «Өңірлік геоақпараттық жүйесін» толық көлемде және белгіленген мақсатына сай іске қосу үшін ағымдағы жылы 2 өзекті мәселе іске асырылатын болады.

Біріншісі, облыстағы Геопорталға енгізілмеген 359 елді мекеннің бас жоспарларын цифрландырып, Геоақпараттық жүйеге енгізілетін болады.

Екіншісі, аудан орталықтарына 1:500 масштабтағы аэрофототүсірілім жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстар жүргізілген жағдайда, Геопорталға облыс бойынша елді мекен шегіндегі бос жер учаскелерін жариялау мүмкіндігі қарастырылады.

 

Айтқазы ҚАРАБАЛАЕВ,

облыс әкімдігі сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support